Алаяқтардың құрбаны болмау үшін, ең алдымен Интернет желісін қолданып кез-келген сауда жасау барысында, пәтер жалдауда, тауар сатуда немесе сатып алуда, интернеттегі жарнама бойынша ақша несиесін рәсімдеуде сақтық шараларын қолданыңыз:
- ешкімге өзіңіздің банктік картаңыз туралы, сондай-ақ жеке басыңыз туралы ақпаратты ( жеке куәліктің фотосуреті, банктік картаның фотосуреті, картаның артқы жағындағы 3 таңбалы CVV кодты) бермеңіз.
- интернетте сатып алынған тауарларға алдын-ала төлем ақша салмаңыз, тауарларды сатып алмас бұрын интернет-дүкеннің абырой-беделін мұқият тексеріңіз.
- мобильді қосымшалар арқылы тауарларды, жылжымайтын мүлікті немесе көлікті сатқан кезде абай болыңыз, төлемді жеке кездесу барысында алғаныңыз жөн немесе «бейнеқоңырау» арқылы сатып алушының сенімділігіне көз жеткізген абзал.
- егер тауарларды, машиналарды сату, пәтерлерді жалға беру туралы хабарландыруда алдын ала төлем жасау қажет екендігі көрсетілсе немесе сатушымен тек «Ватсап» арқылы байланыс орнатылатыны туралы көрсетілсе, сақ болыңыз, БҰЛ АЛАЯҚТАР, «Qiwi», «Yandex money» т.с.с. электронды төлем жүйелеріне ешқашан алдын ала төлем жасамаңыз.
- Сізге әр түрлі «мессенджерлер» және әлеуметтік желілер арқылы жіберілуі мүмкін күмәнді сілтемелерге өтпеңіз, себебі бұл қаскөйлерге Сіздің ұялы банкингтегі қаражатыңызға қол жеткізуге мүмкіндік беретін вирустық файлдар мен қосымшалар болуы мүмкін.
- Сіздің банктік картаңыздың мәліметтерін әртүрлі сайттарға енгізбеңіз, өйткені бұл Сіздің жеке мәліметтеріңізді жинау үшін арнайы жасалған «фишингтік» сайттар болуы мүмкін, олар кейінірек сіздің банктік картаңыздан рұқсат етілмеген төлемдер жасау үшін қолданылады.
- интернеттегі күмәнді байқауларға қатыспаңыз, онда олар Сіздің ақшаңызды көбейтуге уәде береді немесе Сізге үлкен ақшалай сыйлық туралы хабарлайды.
- күмәнді жобаларға ақша салмаңыз, олар криптовалютаға, акцияларға, бағалы металдарға және т.б. инвестициялау арқылы үлкен дивиденттер уәде етеді, компанияның сенімділігіне көз жеткізіңіз, интернеттегі шолулар мен пікірлерді оқыңыз, басқа елдердің іс жүзінде жоқ абоненттік нөмірлерден қоңырау шалып, олардың фирмасына инвестиция салудың артықшылықтары туралы сенімді түрде айтуы мүмкін.
- Егер Сізге банктің қауіпсіздік қызметінен қоңырау шалса, банк қызметкерлері ешқашан Сіздің картаңыз туралы ақпарат сұрамайтынын, сондай-ақ, ұялы телефонға келетін кодтарды беруді қажет етпейтінін ұмытпаңыз. Сондай-ақ, алаяқтар мобильді қосымшаларды абоненттік нөмірді өзгерту үшін, арам пиғылда «банктің Call орталығынан» қоңырау шалу үшін пайдаланады. Мұндай уақытта Сізге телефон тұтқасын қойып, карточкада немесе банктің сайтында көрсетілген сенімді нөмірге қоңырау шалу керек.